ӨСУГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН БАҒАЛАУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ!
Ағылшын тілінің заманауи сабағы – бұл тек жаңа білім беру ғана емес, сонымен қатар өз жетістіктерін көре білу, қателермен жұмыс істеу және алға сенімді қадам басу дағдыларын қалыптастыру.
Дәл осы мәселелер педагогтердің кәсіби дамуы аясында өткен «Empowering Learners Through Effective Assessment and Writing» («Тиімді бағалау және жазылым дағдыларын дамыту арқылы білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейту») семинарының негізгі тақырыбы болды.
Іс-шара спикерлері:
🔹 Кристофер Шин – Оксфорд университетінің халықаралық лекторы;
🔹 Юлия Миллер – «InterPress» компаниясының өкілі;
🔹 Айгерім Ондабаева – IDP IELTS Kazakhstan компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі жетекшісі.
Қатысушылар қалыптастырушы және критерийлік бағалаудың заманауи тәсілдерін, тиімді кері байланыс беру жолдарын, жазылым дағдыларын дамыту мен білім алушылардың оқу мотивациясын арттырудың практикалық стратегияларын талқылады.
Педагогтерге тәжірибе алмасуға және ағылшын тілін оқытудың жаңа құралдарымен танысуға мүмкіндік берген практикалық тапсырмалар ерекше қызығушылық тудырды.
Кездесудің негізгі идеясы – бағалау тек нәтижелерді тіркеп қана қоймай, білім алушыларға өз жетістіктерін түсінуге, қателермен жұмыс істеуге және алға ұмтылуға көмектесуі тиіс!
👏 Қызықты баяндамалары, пайдалы ұсынымдары және халықаралық педагогикалық тәжірибемен танысуға мүмкіндік бергені үшін спикерлерге алғыс білдіреміз!


