Цифрлық технология – заманауи білімнің мүмкіндігі, ал мұғалімнің шеберлігі – нәтижеге бастар жол!
28 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялар: мүмкіндік пен нәтиже» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға 40-қа жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында қазақ тілін оқытуда заманауи цифрлық құралдарды пайдалану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, сабақтың тиімділігін жетілдіру жолдары сөз болды. Сонымен қатар қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тың идеялар мен пайдалы әдіс-тәсілдер ұсынды.
Осындай кәсіби кездесулер мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасуға, шығармашылық ізденіске және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, өз ойларымен бөліскендері үшін алғыс білдіреміз! Әріптестерімізге шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және жаңа бастамаларға сәттілік тілейміз!


