Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

Әдістемелік орталықтың директоры Сәркен Р.С. Шал ақын ауданының педагог қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясына қатысты.


Әдістемелік орталықтың директоры Сәркен Р.С. Шал ақын ауданының педагог қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясына қатысты.
Адами капиталды дамытуға, яғни балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, білім беру сапасын арттыруға және жауапты азамат тәрбиелеуге ерекше назар аударылды.
Конференция барысында аудан педагогтері мен білім алушыларының елеулі жетістіктері атап өтілді. Педагогтердің жоғары кәсіби шеберлігі облыстық және республикалық конкурстарда, олимпиадаларда және педагогикалық жобаларда жеңіске жетіп, жүлделі орындарға ие болуымен дәлелденді.
Сонымен қатар конференция барысында жаңа оқу жылына арналған міндеттер де айқындалды: білім алушылардың білім сапасы мен функционалдық сауаттылығын одан әрі арттыру, анықталған білім беру олқылықтарын жою бойынша жұмысты жетілдіру, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Жаңа оқу жылы педагогтеріміз бен білім алушыларымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге, кәсіби жетістіктерге және жарқын жеңістерге толы жыл болсын!


Пікір жоқ
7 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.08.2026 в 17:02

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер