Секция жұмысына ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істейтін педагогтер, мұғалім-дефектологтар, логопедтер, психологтер және басқа да мамандар қатысты.
Қатысушылардың назарында Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын білім беру жүйесінде іске асыру, инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи бағыттары, сондай-ақ нормативтік-құқықтық реттеудегі негізгі өзгерістер мәселелері болды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауда заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар жасанды интеллект пен ассистивті технологияларды қолдану, олардың оқытудың қолжетімділігін арттыру және білім беру үдерісін жекелендіру мүмкіндіктерін талқылады.
Секциялық отырыстың практикалық бөлігінде арнайы педагогтің жұмысында цифрлық құралдар мен Floortime тәсілін ықпалдастыру тәжірибесімен, логопедиялық практикада жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктерімен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудегі мамандардың командалық жұмысы тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берілді.
Секциялық отырыс тәжірибе алмасуға, заманауи тәсілдерді талқылауға және әрбір бала үшін қолжетімді әрі қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған тиімді шешімдерді іздеуге арналған кәсіби алаңға айналды.
Пікір жоқ
3 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.08.2026 в 15:56


