Инновациялық технологияларды енгізу, әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіру және білім алушыларды даярлау сапасын арттыру мәселелерін 7 алаңда Қазақстан Республикасы, Ұлыбритания, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Омбы, Қорған, Тюмень облыстары, Татарстан Республикасы және Ресей Федерациясы, Бурятия Республикасы педагогтерінің ғылыми қоғамдастық өкілдері, білім беру ұйымдары мен практика басшылары біріктірді.
Конференция бағдарламасы аясында білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Ғылым мен практиканы интеграциялауға, білім беру ортасын цифрлық трансформациялауға және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ерекше назар аударылады.
Халықаралық алаңға қатысу өңіріміздің тәжірибесін ұсынуға, ауылдық және шағын жинақты мектептерді әдістемелік қолдау бойынша заманауи тәсілдерді талқылауға, ғылыми қоғамдастықпен одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын айқындауға мүмкіндік берді.
Әдістемелік орталық педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту және Солтүстік Қазақстан облысында тиімді білім беру шешімдерін енгізу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Пікір жоқ
55 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 26.02.2026 в 16:08


