Алқа жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетов, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық қауымдастық өкілдері, әдістемелік қызметтер мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өкілдері қатысты.
Білім басқармасының басшысы А.А. Сұрағанова 2025 жылға арналған білім беру саласының қызметінің қорытындыларын шығарып, 2026 жылға арналған облыстың білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін қарастырды.
Отырыс барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Жангозин А.К. қатысуымен «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын іске асыру мәселелері қаралды, сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылының» қорытындылары шығарылып, ТжКБ жүйесінде практикаға бағытталған оқытуды дамыту және «Адал Азамат» бағдарламасының өлкетану компонентін енгізу мәселелері талқыланды.
Алқа аясында облыстың білім беру жүйесінің жетістіктеріне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде өлкетану жобаларын іске асыру нәтижелері, НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының мектептерге көрсеткен әдіснамалық қолдау тәжірибесі, авторлық оқу материалдарына жүргізілген сараптама қорытындылары, сондай-ақ колледж студенттерінің WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарындағы, әскери-патриоттық бағыттағы және спорт саласындағы жетістіктері таныстырылды.
Көрме алаңдары заманауи білім беру тәжірибелерін, цифрлық шешімдерді және білім алушылардың кәсіби құзыреттерін көрсетіп, өңірдің білім беру жүйесінің тұрақты дамуын айқындады.
Алқа қорытындысы бойынша облыс әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетов 2026 жылға арналған білім сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және заманауи білім беру технологияларын одан әрі енгізуге бағытталған басым міндеттерді белгіледі.
Пікір жоқ
14 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 12.02.2026 в 17:20


