Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының информатика пәні мұғалімдерін біріктірген онлайн форматтағы кәсіби кездесу өтті.
Кездесу барысында - информатика сабақтарында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданудың жаңа тәсілдері сөз болды.
Назарға алынған негізгі мәселелер:
-оқушылардың күнделікті өмірде білімін қолдану дағдыларын жетілдіруге бағытталған практикалық тапсырмалар;
- білім алушылардың дербес ізденісін арттыратын жобалық және зерттеушілік жұмыстар;
-сабақ кезеңдерінде цифрлық сервистер мен Vibe coding элементтерін орынды пайдалану тәжірибесі.
Сонымен бірге ЖИ мүмкіндіктерін шектеулі әрі саналы қолдану, зияткерлік адалдық, цифрлық мәдениет және ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мәселелері де талқыланды.
Ұсынылған ойлар, нақты мысалдар және еркін пікір алмасу кәсіби тұрғыда пайдалы болды.
Мұндай форматтағы басқосулар педагогтердің көзқарасын кеңейтіп, тәжірибені жаңаша пайымдауға және кәсіби серпін алуға мүмкіндік береді.
Пікір жоқ
2 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.01.2026 в 13:05


