2026 жылғы 29 қаңтарда Ассоциация төрағасы мен мүшелерінің, әдіскерлер, өңіріміздің география және жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің қатысуымен «SOLTUSTIK GEOUSTAZ» Солтүстік Қазақстан облысының география пәні мұғалімдері қауымдастығының «Географияны оқытуда жасанды интеллект құралдарын пайдалану оқытудың сапасы мен дербестенуін арттыру факторы ретінде» деп аталған тақырыбында отырысы өтті.
Кездесу барысында географияны оқытуға ЖИ-құралдарын енгізуді әдістемелік сүйемелдеу, оқу процесін цифрландыру мүмкіндігі, географиялық процестерді визуализациялау үшін жасанды интеллектті пайдалану, білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми және функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Қатысушылар жобалық қызметте ЖИ-құралдарын қолдануды, білім беру медиаконтентін құруды және оқушылардың білім беру нәтижелері мен жетістіктерін бағалауды талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша 2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығындағы қауымдастық қызметінің қорытындылары шығарылды және алдыңғы уақытта білім беру қызметіне ЖИ енгізуді, білім беру практикасында ЖИ-құралдарын әдепті, жауапты және әдістемелік негіздемен қолдануды қоса алғанда, екінші жартыжылдықтағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды, жаратылыстану-ғылыми оқытуда ЖИ пайдаланудың табысты тәжірибелерін жинау, қорыту және тарату жөніндегі жұмысты жандандыру болды.
Пікір жоқ
Көрулер жоқ
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.01.2026 в 12:45


