
2026 жылғы 28 қаңтарда «Педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсетуде жасанды интеллектіні пайдаланудың заманауи мүмкіндіктері» атты облыстық семинар өтті. Шараға білім беру процесіне жасанды интеллект құралдарын белсенді енгізіп жүрген облыстың әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Өңірде білім беру саласында жасанды интеллектіні дамыту бойынша жобалар іске асырылуда. Жобалардың мақсаты — педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту және білім алушылардың ЖИ-сауаттылығын қалыптастыру арқылы ЖИ технологияларын енгізу.

Сондай-ақ, бүгін Петропавл қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының өңірлік филиалымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында цифрлық білім беруді, креативті индустрияларды дамытуға және оқытуға инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
📷https://www.facebook.com/reel/1554889229105035?locale=ru_RU
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 28.01.2026 в 12:21