2026 жылдың 23 қаңтарында «Мен үйрете аламын» атты мектепке дейінгі шеберлік сыныптарының облыстық байқау-фестивалі өтті. 28 өтінім қабылданды. Жұмыстар облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда тиімді жүзеге асырылып жатқан бағыттарға тоқталды. Педагогтар балалармен және ата-аналармен жұмыс жасауда қолданатын тәжірибелік әдістерін көрсетті. Әрбір презентация бейнероликпен сүйемелденді, онда практикалық іс-әрекеттерге бейне шолу ұсынылды. Байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтады:
1 орын – «Колосок» бөбекжай-бақшасы» МКҚК Айыртау ауданы, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» МКҚК Ақжар ауданы.
2 орын – Айыртау ауданы «Колосок» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Аққайың ауданы «Балапан» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Есіл ауданы «Моншақ» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Жамбыл ауданы «Архангельское жалпы білім беретін мектебі»КММ, Қызылжар ауданы «Мирас бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Петропавл қаласы «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы» МКҚК.
3 орын – Айыртау ауданы «Колосок» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Ақжар ауданы «Еркетай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Петропавл қаласы «М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ, Тимирязев ауданы «Радуга» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Шал ақын ауданы «Ступинка ОМ» КММ жанындағы «Балапан» шағын орталығы, Ғ.Мүсірепов ауданы «Астана» бөбекжай-бақшасы» МКҚК.


