✨ 2025 жылдың 25 желтоқсан күні 7–9 сынып оқушылары арасында ЖМБ бағыты бойынша «Ғылым бастауларында…» атты облыстық олимпиада өтті ✨
Олимпиаданың басты мақсаты — оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, командалық жұмыс пен зерттеушілік дағдыларын дамыту.
Білім додасының қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды:
🏆 Гран-при — Мамлют ауданының командасы
🥇 I орын — Петропавл қаласының командасы
🥈 II орын — М. Жұмабаев ауданының командасы
🥈 II орын — Ақжар ауданының командасы (қазақ тілінде оқытатын мектеп)
🥉 III орын — Жамбыл ауданының командасы
🥉 III орын — Тимирязев ауданының командасы
🥉 III орын — Тайынша ауданының командасы (қазақ тілінде оқытатын мектеп)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер, ғылым жолында биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!


