Іс-шара аясында жаратылыстану бағыты бойынша математика пәнінен ашық сабақ өткізіліп, білім мен тәрбиенің өзара сабақтастығы айқын көрініс тапты. Сабақ барысында адалдық, жауапкершілік, сияқты құндылықтар оқушылардың танымдық әрекетімен ұштастырылды.
Сондай-ақ «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Адалдық бастауы – кітап» атты кітап сыйлау челленджі ұйымдастырылып, оған ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ата-аналар белсене қатысты. Рухани қазынаны молайтуға бағытталған бұл игі бастама жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
Сонымен қатар, «Әдістемелік орталық» КММ ұжымы да шарадан тыс қалмай, белсенділік танытып, мектеп кітапханасының қорын толықтыруға өз үлестерін қосты.
Пікір жоқ
4 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 23.12.2025 в 16:57


