Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

✳️ ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ – ПЕДАГОГ-ШЕБЕРЛЕРМЕН ЖӘНЕ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРМЕН «Ұстаз – ұлы есім.


✳️ ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ – ПЕДАГОГ-ШЕБЕРЛЕРМЕН ЖӘНЕ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРМЕН
«Ұстаз – ұлы есім. Ұрпақ тәрбиелеу – ең жауапты міндет. Педагог – ел болашағының іргетасын қалаушы» – деген Мемлекет басшысының сөздері бүгінгі кездесуіміздің мәнін айқындай түседі.

Бүгін облысымызда директорлар, директордың бірінші санаттағы орынбасарлары, педагог-шеберлер және республикалық “Үздік педагог – 2025” байқауының жеңімпаздарының қатысуымен кәсіби дамуға бағытталған онлайн-кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – педагогикалық шеберлікті арттыру, әдістемелік қолдау көрсету және үздік тәжірибелерді өңірге трансляциялау. Қатысушыларға «SABAQ» жобасы, YouTube “ Білікті ұстаз” арнасындағы авторлық сабақтар мен облыстық әдістемелік орталықтың бастамалары таныстырылды.
Педагог-шеберлер өздерінің тәжірибелік жұмыстары мен тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, жас мамандар мен әріптестерге бағыт-бағдар берді.
Бұл кездесу – білім сапасын арттыру жолындағы ортақ күш біріктірудің, кәсіби қауымдастықтың дамуының жарқын үлгісі болды.


Пікір жоқ
29 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.12.2025 в 18:26

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour