Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

📚2025 жылғы 26 қараша күні Аққайың ауданының Полтавка орта мектебі жанындағы шағын-орталықта мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи тәсілдер: жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» атты облыстық семинар өткізілді.


📚2025 жылғы 26 қараша күні Аққайың ауданының Полтавка орта мектебі жанындағы шағын-орталықта мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи тәсілдер: жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» атты облыстық семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, тәрбие-білім беру үрдісі барысында жасанды интеллект құралдарының қолдануын көрсету мақсатында педагогтар өз жүмыстарын ұсынды. Аталған шараға облыстың 4 ауданы қатысты: Аққайың, Есіл, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласы. Әр спикердің жұмысы жасанды интеллект құралдарын қолдана отыра өздері жасаған тақырыптық дидактикалық материалдарын ұсынып, семинар қатысушыларының қатысуымен тәжірибелік жұмыстар өткізді. Ұсынылған жұмыстар тұрлі бағытты қамти отырды: театрландырылған әрекет, сахналау, ән жасау, смартфонның көмегімен түрлі платформаларда жұмыс жасауы.
🎓Жасанды интеллект құралдарының қолдануы өте тиімді, қолайлы, қызықты болғанымен, тәрбие-білім беру үрдісі барысында қауіпсіздік шараларын ескер отыруымыз қажет, әсіресе балалармен жұмыс жасалғанда.

https://www.instagram.com/p/DRhRhuCAWxr/ 

 

📷https://www.facebook.com/reel/1931816654064349?locale=ru_RU


Пікір жоқ
114 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 26.11.2025 в 16:26

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер