Семинар барысында қатысушылар Lesson Study әдісінің мәні мен негізгі кезеңдерімен танысып, оның мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдірудегі маңызын талқылады. Бұл әдістің ерекшелігі – мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеуіне, сабақ үдерісін терең талдау арқылы оқушылардың оқу әрекетін жақсырақ түсінуге және оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беруінде.
Іс-шара соңында қатысушылар зерттеу тәсілін өз мектептерінде қолдану, әріптестерімен бірлесе зерттеу жүргізу және сабақтарды жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар қабылдады.
Осындай семинарлар физика пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына, оқыту сапасын арттыруға және заманауи педагогикалық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге елеулі үлес қосады.
Пікір жоқ
25 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 01.11.2025 в 13:51


