Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

"Жасанды интеллект пен білім — болашақтың негізі"


✨ "Жасанды интеллект пен білім — болашақтың негізі"
📅 2025 жылының 18 қыркүйегінде информатика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының 2025 – 2026 оқу жылының алғашқы отырысы өтті. Басқосуда «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасының құндылықтарын білім беру процесіне енгізу және жасанды интеллектіні (ЖИ) оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану мәселелері талқыланды.
💻 Цифрлық дәуірде оқушылардың адамгершілік бағдарларын қалыптастыру, ЖИ құралдарын (чат-боттар, деректерді талдау және т.б.) кезең-кезеңімен енгізу, олардың этикалық жақтарын қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ, ЖИ шешімдерінің әділдігі мен ашықтығына мән беру қажеттігі айтылды.
📘 Информатика сабағында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары – адалдық, жауапкершілік, әділдік, патриотизм – насихатталып, оқушылар бойында осы қасиеттерді қалыптастыру көзделді.


Пікір жоқ
14 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.09.2025 в 11:40

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour