Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Қазіргі қазақстандық білім берудің басты басымдығы – сапалы оқытуды қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде лайықты тәрбие беру мүмкін емес. Білім мен тәрбие – қоғамның өзара тығыз байланысты екі тірегі, оларды бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды.


📖 Қазіргі қазақстандық білім берудің басты басымдығы – сапалы оқытуды қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде лайықты тәрбие беру мүмкін емес. Білім мен тәрбие – қоғамның өзара тығыз байланысты екі тірегі, оларды бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды.
📊 2025 жылғы 18 қыркүйекте география пәні мұғалімдерінің SOLTUSTIK GEOUSTAZ облыстық қауымдастығының отырысы өтті. Жиын барысында жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу аясында пән мазмұны мен оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелеріне және бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал азамат» элементтерін оқу үдерісіне енгізуге баса назар аударылды. Аудандық пәндік қауымдастықтардың төрағалары, әдіскерлер мен тәжірибелі педагогтер отырысқа қатысты.
📑 Спикер Д.Х. Казбекова «Адал азамат» бағдарламасының тәрбиелік құндылықтарының маңыздылығын атап өтіп, география және жаратылыстану сабақтарында табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастырып, экологиялық мәдениет дамытудың маңыздылығын атап өтті, М.Ж.Ортамышев соңғы талаптарға сай педагогтердің аттестаттау ерекшеліктерін ескеріп алдын ала дайындалу жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты.
🖥️ Жасанды интеллект мүмкіншіліктерін білім беру жүйесіне енгізудің және оны оқу процесін жетілдіру құралы ретінде пайдаланудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы спикер А.Н.Ахманова айтып берді. Осы орайда, спикер Р.М.Саитовтың мәліметтері пайдалы болды, ол BilimClass білім беру платформасында жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Мұғалім платформаның пайдалы құралдарымен бөлісті, оларды игеріп отырып мұғалім сабақ үшін бөлінген уақытты тиімді пайдаланып білім сапасын арттырады.
✔️ Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар 2025–2026 оқу жылында география пәнін оқытуға жасанды интеллект мүмкіндіктерін интеграциялау және «Адал азамат» бағдарламасының тәрбиелік құндылықтарын енгізудің басым бағыттарының бірі болатынын атап өтті.


Пікір жоқ
10 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 18.09.2025 в 17:13

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour