Өткенді еске алу бізді қазіргі уақытта күшті және болашақта дана етеді... 2025 жылдың 10 сәуірінде "Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей" КММ базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ерлік пен бірлік: ХХІ ғасырдың жас ұрпағына арналған Жеңіс тағылымдары" атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты-әскери-тарихи мұраны, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңіске ықпал еткен адамдардың өмірі мен қызметін зерттеу арқылы оқушыларды рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиелеу, зияткерлік және шығармашылық дамыту. Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының 5-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мен оқытушылар қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігі мен жанқиярлығына арналған шығармашылық жобалары мен ғылыми еңбектерін ұсынды. Конференция тақырыбы қатысушылардың Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеуге деген терең қызығушылығын тудырды, олар бұл шараны жыл сайын өткізуді ұсынды.