Меню KDT
Петропавловск
23:14
RU / KZ / EN

«Білім беру үрдісінде жаңа заман технологияларын қолдану» атты халықаралық педагогикалық семинар-практикум бойынша ақпарат.

 

2019 жылғы 25 наурыз күні «Бірлестік» білім беру жобасы аясында Қорған облысының №2 Петухов орта мектебінде «Білім беру үрдісінде жаңа заман технологияларын қолдану» атты халықаралық педагогикалық семинар-практикум өткізілді. Берілген іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысынан келесі делегация қатысты: «ЦМРИТО» КММ директоры – Р.С. Сәркен, «Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ басшысы – С.М. Рамазанова, мамандар, әдіскерлер, директорлар және директорлардың ОТЖ жөніндегі орынбасарлары.

Берілген семинардың мақсаты оқыту мен тәрбие берудің заманауи технологияларымен таныстыру. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталды:

- мұғалімдерді білім беру үрдістерінде заманауи технологияларды қолдану бойынша жұмыс жүйесімен таныстыру;

- позитивті өзара қатынас тәжірибесімен алмасуға көмек көрсету;

- Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының педагогтары арасындағы байланысты бекіту.

Семинар ұйымдастырушылары Қазақстандық қонақтарды шекарадан қарсы алуды ұйымдастырды. Ресейлік әріптестер семинардың алғашқы бөлімінде Петухов ауданының Курорттық ЖОМ шахматтық жалпыоқыту аясында жүзеге асырылатын «Оралдық зияткерлер» жобасының жұмыс жүйесін көрсетті. Оқушылар мен мұғалімдер «Шахматтық жол» викторина-ойыны, «Әскери қимылдар» (шахмат міндеттерін шешу), шахматтық флешмоб енгізілген кіріктірілген театр қойылымын көрсетті.

№2 Петухов орта мектебі базасында физика мұғалімі И.Д. Ловченко «Сабақта және сыныптан тыс уақытта цифрлық лабораторияны қолдану» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді;

Педагог-логопед А.С. Кетова сөздер мен сөйлемдерде «р» дыбысын автоматизациялау бойынша сабақ фрагменттерін ұсынды, сонымен қатар оқушылардың сөйлеуін түзетуге арналған кабинет пәндерін қолдану бойынша ұсыныстармен бөлісті.

Сонымен қатар, «Кіші жастағы оқушыларда жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатында цифрлық технологияларды қолдану», «Орыс тілі және әдебиеті сабақтарында интерактивті сервистерді және компьютерлік бағдарламаларды қолдану» тақырыптары бойынша Н.В. Степанова мен Е.А. Печерина мастер-класс ұсынды.

Іс-шара соңында мектеп оқушылары директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Ш.М. Мінжанованың басшылығымен Халықаралық достық Клубы жұмысын презентациялық материалдар арқылы көрсетті.

Іс-шараны қорытындылау бойынша С.М. Рамазанова, Р.С. Сәркен сөз сөйледі және болашақта бірлесіп қызмет етуге бағыт-бағдар берді.

ПОЛЕЗНОЕ