Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

🎓 «Елдің болашағы – жастардың қолында»


🎓 «Елдің болашағы – жастардың қолында»
– Мағжан Жұмабаев

2025 жылдың 19 қарашасында «М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ базасында Ұлы ақын, ағартушы-педагог Мағжан Жұмабаевтың құрметіне арналған атаулы оқу кабинеті салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараның мақсаты – Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, оның ағартушылық және педагогикалық идеяларын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының, Мағжан орталығының өкілдері, Қозыбаев атындағы СҚУ профессорлық-оқытушылық құрамы, педагогикалық еңбек ардагерлері, сондай-ақ облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысты.
Мағжан Жұмабаев атындағы кабинет – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге, әдебиет пен білімге сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған шығармашылық және танымдық орта болмақ.


Комментариев нет
27 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 19.11.2025 в 13:09

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки


<

Choose Colour