
2024 жылдың 6 желтоқсанында «№ 31- орта мектеп» КММ базасында республикалық «943- елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында, мақсатты мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларына арналған облыстық семинар өтті.

Өңірлік шебер ұстаздары мен әдіскер-менторлар бірлесіп, семинар-практикум түрінде ұйымдастырылған іс-шара барысында ұстаздарға әдістемелік көмек түрінде қолдау көрсетілді.

Облысымыздың жетекші, шебер ұстаздары мен әдіскер-менторлар - мәтін лингвистикасы, оқу сауаттылығы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау мәселелері бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті. Алдағы уақытта, жоспарланған кестеге сай, бірлескен әдістемелік жұмыстар өз жалғасын табады.

Семинар барысында тыңдаушылар тарапынан түскен ұсыныстар мен өтініштерді ескере отыра, келесі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 11.12.2024 в 10:35