Мектеп оқушыларының арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 22-25 тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Абай ауданы «Абай және Шәкәрім» музей-кешенінде жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ХІХ республикалық Абай оқулары өткізілді. Байқауға Солтүстік Қазақстан облысынан 4 оқушы қатысып, І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарды иеленді.

Байқау төрт номинация бойынша өткізілді:
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау) бойынша «Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп- гимназиясы» КММ 9 сынып оқушысы Аяған Диас жүлделі І орынды иеленді.
«Ұлылар әлемі» Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу номинациясы бойынша Қанағат Қарлығаш – Петропавл қаласы «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ 10 сынып оқушысы ІІІ орынды иеленді.
«Көңілім әнді ұғады» Абай және Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау номинациясы бойынша Қызылжар ауданы «Красноярка негізгі мектебі» КММ 9 сынып оқушысы Амангелді Есім жүлделі ІІ орынды иеленді.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай, Шәкірім шығармаларын жатқа айту номинациясы бойынша Ахметбекова Толқын – Аққайың ауданы, «Рублевка орта мектебі» КММ 9 сынып оқушысы арнайы сертификатпен марапатталды.