Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті жолдауын аса ыждаһаттықпен тыңдадық.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауы туралы пікір.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті жолдауын аса ыждаһаттықпен тыңдадық.
Елбасы Жолдауында Қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға бағытталған нақты міндеттер қойылған. Білім беру жүйесіне байланысты сұрақтар ерекше назар аударуға тұрарлық. Елбасы білім беру жүйесінің рөлі түбегейлі өзгеруге тиіс екенін, біздің міндетіміз- білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру керектігіне тоқталды. Оқу бағдарламалары сыни ойлау қабілетін және өздігінен іздену дағдыларын дамытуға бағытталу қажеттігіне жіті назар аударды.
Сонымен қатар ІТ- білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту міндетін қойды.
Үш тілде білім беруге кезең-кезеңмен көшу мәселесін көтерді.
Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі, сондықтан ағылшын тілін дамыту заман талабы екеніне тоқталды.
- Биылғы жылдан бастап «Техникалық және кәсіптік білімді тегін беру» жобасы жүзеге асырылуда. Ел болашағы жастарға тағы да бір тегін білім алу мүмкіндігі пайда болады. Бұның барлығы экономиканың дамуына еліміздің гүлденуіне әсер етеді.
- Жоғары білім беру сапасына ерекше назар аударылады.
Осының барлығы ұлтымыздың болашағын жарқын, сенімді етуге бағытталған нақты қадамдар. Елбасы Жолдауы көпұлтты Қазақстан халқының жаңа биіктерге жететініне нық сенім ұялатады.
Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскерлері
Комментариев нет
1861 просмотров
Автор: cmrito
Добавлено: 31.01.2017 в 00:00