Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Тимирязев ауданының педаготері «Математика сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинарда өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде «INFINITY» облыстық математика мұғалімдері қауымдастығының қызметі шеңберінде Тимирязев ауданының педаготері «Математика сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинарда өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар аясында З. Е. Куровская, Э. В. Емпатова, А. Н. Усенков, А. К. Жантоков, И. И. Игнатов заманауи білім беру технологияларын қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Педагогтар сабақтарда заманауи сервистер мен қосымшаларды (Liveworksheets, MS Excel, Kahoot, LearningApps, Google-forms, Classroomscreen, Miro және т.б.) қолдануды көрнекі түрде көрсетті, өз сабақтарының бейнефрагменттерін ұсынды, математика сабақтарында цифрлық контент құралдарын пайдалана отырып, оқу ортасын қалыптастыру тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Семинарға облыстың 60-тан астам математика пәні мұғалімдері қатысты. Педагогтар тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шара жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 11.04.2022 в 12:30