Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

География пәні мұғалімдерінің съезі

    2022 жылдың 9 сәуірінде “Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас“ тақырыбында география пәні мұғалімдерінің съезі өтті.


🔹2022 жылдың 9 сәуірінде діни және киелі орын саналатын Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде “Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас“ тақырыбында география пәні мұғалімдерінің съезі өтті.
🔹Еліміздің түпкір-түпкірінен 300 делегат келді. Біздің өңірімізден әр ауданан жиналған 17 делегат қатысты. Делегаттар төрт секциялық жұмыстарға бөлініп, география пәнін оқытудағы өзекті мәселелерді көтерді. Біздің облыстың төрт мұғалімі өз секцияларында ұсынылған тақырыптары аясында баяндама оқып, ұсыныстар білдірді. Бұл ұсыныстар Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Ш.Т.Каринованың қатысуымен ұйымдастырылған пленерлық отырыста оқылды.
🔹Ш.Т.Каринова плнерлық отырыс шешімінде көтерілген мәселелер қарастырылатындығын айтып, министрлік атынан барлық қазақстандық мұғалімдерге алғысын білдірді.


Пікір жоқ
493 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.04.2022 в 15:03

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер


Choose Colour