🔰 Цифрлық құралдарды меңгерген мұғалім оқушыға әлемді саналы түрде зерттеуге жол ашады. 2025 жылдың 05 желтоқсан күні Петропавл қаласы "Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей" КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдеріне арналған «Ғылыми ойлауды қалыптастырудағы цифрлық сауаттылықтың рөлі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің зерттеу арқылы оқыту құзыреттіліктерін, медиа және цифрлық дағдыларын дамытуды жетілдіру мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында биология мен математика, химия мен биология, география мен физика пәндері бойынша кіріктірілген сабақтар өтті. Әр сабақ өз ерекшелігімен жоспарланған, сабақ берген ұстаздар өздерінің де, білім алушылардың да цифрлық сауаттылықты, әсіресе, жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін көрсете алды. Сонымен қатар, облыс мұғалімдері мен лицей педагогтері шеберлік-сыныптарын ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті, лицей оқушылары ғылыми жобаларын қорғады


