Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

«Еркіндігім - қасиетім» тақырыбында эссе байқауының қорытындысы

2021 жылдың 19 қарашасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Еркіндігім - қасиетім»  тақырыбында эссе байқауының қорытындысы шықты.


   


 
    2021 жылдың 19 қарашасында «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұйымдастыруымен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Еркіндігім - қасиетім»  тақырыбында эссе байқауының қорытындысы шықты. Байқау педагогтердің өз ойын, көзқарасын және идеясын білдіруге мүмкіндік беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби шеберлігін және оқытушылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылысын арттыру, озық тәжірибені тарату, оларды қолдау және көтермелеу мақсатында өткізілді. Байқауға 140-тан астам облысымыздың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Соның ішінде 116 жұмыс іріктеліп, өздерінің нәтижелі орнындарына ие болды. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың филология ғылымының кандидаты, профессор Ж.Т. Қадыров және облыстың педагог-шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдерімізден құралған қазылар алқасы байқаудың оң шешімін берді.
    Қатысып жеңімпаз атанып, жүлдегер болған ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.

    Жүлдегерлер мен жеңімпаздар тізімін ұсынылаған сілтеме бойынша қарай аласыздар - Еркінім қасиетім қортындысы 2021


Комментариев нет
857 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 19.11.2021 в 10:30

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки


<

Choose Colour