Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

ІV «Абайтану» олимпиадасы

    Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен Республика көлемінде ІV «Абайтану» олимпиадасының республикалық кезеңі Алматы қаласында 18-20 мамыр күні өтті.


 
🔹Олимпиаданың мақсаты - ұлы ақын мұрасын насихаттау. Еліміздің түкпір-түкпірінен жалпы 140 жуық оқушылар қатысып бақ сынады.
🔹Екі айналымнан тұратын бұл олимпиадаға біздің облысымыздан 6 оқушы қатысуға жолдама алған болатын.
🥉Облысымыздың намысын қорғап, жеңімпаз атанған оқушылар:
- Петропавл қаласы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Бекбаулова Алия;
- Айыртау ауданының Мәдениет орта мектебінің 10 сынып оқушысы Табылдынова Адима - ІІІ орынды қанжығасына байлады, сыйлықтары дыбыс ұлғайтқыш (колонка).
🎗Ерекше грамота иегері:
- Петропавл қаласы Жұмабек Тәшенов атындағы #20 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қоскен Дамира.
🎗Алғыс хатпен марапатталған оқушылар:
- Петропавл қаласы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Темірғали Айгерім;
- Петропавл қаласы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Алимжанова Назаркыз;
- Есіл ауданы Асқар Игібаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сәрсенбай Айымгүл.


Комментариев нет
281 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 21.05.2022 в 10:53

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour