Аймақтық диалог алаңы: ғылым қызметкерлері күніне орай шабыт пен білім!
Жобалау және ғылыми-зерттеу қызметі, цифрландыру, ақпараттық технологиялар және басқа да көптеген ғылым салаларының мәселелері талқыланды. Біз ғылымның қоғамымыздың дамуында және жаһандық мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратынына сенімдіміз.
Аймақтық диалог алаңы студенттер мен оқушылар арасында ғылымды кеңінен насихаттауға да ықпал еткенін айта кеткен жөн. Біз жетістіктерімізді мақтанышпен жұртшылықпен бөлісіп, ғылымның әлемді жақсы жаққа өзгерте алатынын көрсеттік.
Ғылым әрі қарай дамып, әрқайсымыз еліміздің және әлемнің кемел келешегін құруға үлес қосуға дайынбыз!
Пікір жоқ
103 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 09.04.2024 в 18:47