Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Құрметті әріптестер, достар! «Білімді ел-Образованная страна» республикалық білім беру қоғамдық – саяси газеті заманауи білім беру жүйесінің ақпараттық навигаторы екені белгілі.


🔰 Құрметті әріптестер, достар! «Білімді ел-Образованная страна» республикалық білім беру қоғамдық – саяси газеті заманауи білім беру жүйесінің ақпараттық навигаторы екені белгілі. Әріптестік ынтымақтастық қатынастар арқылы СҚО ББ Әдістемелік орталығында өңіріміздің педагогикалық қоғамдастығының білім беру қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелерін көрсете отырып, өзекті тақырыптарды қамтуға мүмкіндік береді.
📰 Газеттің жаңа санында мектепке дейінгі білім беру саласындағы республикалық жобаны іске асыруға арналған "Құзыреттілік орталықтары: даму курсы" атты мақала жарияланды. Мақала авторы Әдістемелік орталығының директорының орынбасары Б. М. Ғабдуллина құзыреттілік орталықтарын құру идеясы, өңірдің мектепке дейінгі ұйымдарымен өзара іс-қимылдың желілік моделі, жобаның алғашқы жетістіктері туралы айтып берді.
📎Мақалада біздің облысымыздың «Ақ бота», «Мирас», «Колосок»балабақшаларында құзыреттілік орталықтарының жұмыс алгоритмі қарастырылған. Олардың әрқайсысының өзіндік профилі, өзіндік құндылықтары мен даму басымдылықтары бар. Әрбір орталық қазірдің өзінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін тағылымдама алаңы болып табылады, педагогикалық және әдістемелік шеберлікті жетілдіруге, облыс педагогтарының инновациялық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
✅Әріптестер, егер сіз біздің облыстың мектепке дейінгі білім беру саясатының объективі арқылы құзыреттілік орталықтарының тиімді жұмысы туралы білгіңіз келсе, міндетті түрде сілтеме бойынша өтіп, мақаланы оқып шығыңыз.


Пікір жоқ
59 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 15.02.2024 в 12:24

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour