Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

ғымдағы жылдың 15 ақпанында балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен «Мобильді топтар мен құзыреттілік орталықтарының қызметі: нәтижелер мен перспективалар» тақырыбында республикалық вебинар өтті.


🔷Ағымдағы жылдың 15 ақпанында балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен «Мобильді топтар мен құзыреттілік орталықтарының қызметі: нәтижелер мен перспективалар» тақырыбында республикалық вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету және озық педагогикалық тәжірибені тарату бойынша мобильді топтар мен құзыреттілік орталықтарының жұмысын жетілдіру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру.
Вебинарға Балаларды ерте дамыту институтының мамандары, мектепке дейінгі білім беру бөлімдерінің басшылары, мобильді топтардың қызметіне жауапты облыстық, қалалық, аудандық әдістемелік орталықтардың/кеңселердің басшылары мен әдіскерлері қатысты.
Онлайн шара барысында өңіріміздегі мобильді топтардың тәжірибесі таныстырылды. Облыста 15 мобильді топ жұмыс істейді: аудандық білім беру әдістемелік бөлімдері деңгейінде 14 топ және облыстық 1 топ.
Мобильді топтардың миссиясы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық актілерін түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету, балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беру болып табылады.


Пікір жоқ
81 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 15.02.2024 в 17:06

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour