Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2024 жылдың 14 ақпанында білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.


⚜️2024 жылдың 14 ақпанында білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Бұл іс-шара жас мамандарға педагогикалық қызметке өзінің кәсібилігі мен шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік берді.
📃Олимпиадаға қатысушылар презентациялар мен бейнематериалдарды пайдалана отырып, өздерінің педагогикалық тәжірибелерін ұсынды. Жас педагогтер оқу процесін ұйымдастыру тәжірибесімен, сабақта қолданатын әдістерімен бөлісті. Жас педагогтердің ойлары мағыналы және мазмұнды болды, бұл олардың жоғары біліктілігі мен мамандыққа деген құштарлығын көрсетті.
📌Байқау қорытындысы бойынша үш кезең бойынша жеңімпаздар анықталды: жас педагог, психолог, тәлімгер.
📝Олимпиадаға қатысу жас мамандар үшін одан әрі кәсіби өсу мен дамуға түрткі болды.


Пікір жоқ
132 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 14.02.2024 в 19:29

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour