Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

5 қазанда Астанада мұғалімдердің республикалық съезі өтті.


⚜️5 қазанда Астанада мұғалімдердің республикалық съезі өтті. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 700-ге жуық педагог қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының делегациясын облыстың бас педагогы Н.Ә.Жәшібеков басқарды.
- Делегация құрамында 22 мұғалім болды, оның ішінде педагогикалық еңбектің құрметті ардагерлері, Аюпов Б.Е. -Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының төрағасы.Съездтің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді:
- мұғалімдердің біліктілігін арттыру;
- балаларға сәйкес және прогрессивті білім беруді қамтамасыз ету; -мектептердегі орын жетіспеушілігі мәселесін шешу;
- балалар өздерін жайлы сезінетіндей жағдай жасау, мектеп ең қауіпсіз орынға айналуы керек;
-қала және ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою; - оқу үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету;
– Оқушыларға сапалы білім берумен қатар адамгершілік тәрбиесі де қажет.
Халық ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Халық тұрмысын жақсартуды бала тәрбиесінен бастау керек» деген сөзі бұрынғыдан да өзекті болып тұр. Білім мен ғылым – табыстың басты кілті. Біздің ең басты міндетіміз – өскелең ұрпақты озық стандарттарға сай оқытып, тәрбиелеу. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі», - деді Мемлекет басшысы


Пікір жоқ
143 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 05.10.2023 в 19:55

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour