Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Мағжан оқулары»


 
 🔰 2023 жылдың 26-27 мамыр аралығында Мағжан Жұмабаевтың туған жері Сарытомар ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
🔰 Мағжан оқуларының мақсаты: Мағжан шығармалары арқылы халқымыздың рухани мұрасын, ұлылар поэзиясын насихаттау, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, мектеп оқушыларын классикалық әдебиетті оқуға ынталандыру.
🔰 Мағжан оқуларының облыстық кезеңіне барлығы 42 оқушы қатысты. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
Бас жүлде – Аққайың ауданы, Смирнов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мамбетова Айдана, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясында І орын – Жамбыл ауданы, Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Мырзыш Жансая ....., «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясында І орын – Шал ақын ауданы, К. Салықов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Есқақ Әдемау, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясында І – орын Қызылжар ауданы, Бәйтерек орта мектебінің 7 сынып оқушысы Мархабай Арай.
Мағжан Жұмабаев жоғары колледжі атынан "Жеңіске ерекше ынтасы үшін" дәстүрлі сыйлықты Қызылжар ауданы, №2 Бескөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрым Алина иеленді.

https://www.facebook.com/100043239738787/videos/999403104561865/


Пікір жоқ
145 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.05.2023 в 15:36

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour