Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Кадрдағы үздік сәттер»


📌«Балаларды ерте дамыту институты» РММ жоспарына сәйкес ұйымдастырылған, «Кадрдағы үздік сәттер» атты жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру және өткізу барысы бойынша өткізілген Республикалық фото, видеосюжеттер байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шықты. Байқауға 18 үміткер қатысып, бақтарын сынады.
🖍 Материалдар сегіз критерий бойынша бағаланды:
-байқау тақырыбына сәйкестігі;
-тақырыпты толық ашу;
-бейнетүсірілім сапасы;
-фотосуреттер сапасы;
-мазмұн ерекшелігі мен жүйелілігі;
-креативтілік;
-бейнесюжеттің рәсімдеу талаптарының сақталуы;
-дыбыспен жасақтау сапасы.
🏆Байқау комиссиясының шешімі бойынша:
1 -орын – «Ақ бота» балабақша-бөбекжайы, Драузина Л.Ф., Байзакова А.К., Слётина А. Н. Петропавл қаласы.
2 -орын – «Мирас» балабақша-бөбекжайы, Сомтемирова А.Б., Жунусов М.М. Қызылжар ауданы.
3 –орын- «Салтанат» шағын-орталығы, «Акжан НМ»КММ, Жумагалиева Б.М. Тимирязев ауданы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, шығармашылық табыстарға жете беріңіздер!


Пікір жоқ
219 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 25.05.2023 в 11:09

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour