Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

🔰 Мұражайдағы бір түн


🔰 Мұражайдағы бір түн
18 мамырда БСӘЖжАТО әдіскері Думан Закирин Халықаралық музейлер күні мен «Ботай» мұражайының 5 жылдығына арналған «Музейлер түні» акциясы аясында өтетін жыл сайынғы «Ботай пырағы – 2023» фестиваліне қатысты.
Фестивальдің мақсаты: музейдің ресурсын, мүмкіндіктерін, әлеуетін көрсету, жастарды, өскелең ұрпақты қызықтыру, Ботай мәдениетін, Қазақстан Республикасының Солтүстік өңірінің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау. Мәдени-академиялық дәстүрді сақтау, әлем музейлерімен ынтымақтастықта болу.
Іс-шараны фестиваль форматында өтті. Тарихи қайта қалпына келтіру, ол дәстүрлі музей қызметінің элементтерін экскурсия, экспозиция, тарихи тақырыптарды инновациялық, интеллектуалдық және эвристикалық талқылау, интерактивті әдістерді қолданып – театрландырылған көріністер, инсталляция, шеберлік сабақтарын көрсетумен қамтылды.
Солүстік Қазақстан облысының Білім басқармасымен «Ботай» мұражайы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнаған, әрі қарайда бұл жұмыстар жалғасады деп сенеміз. «Ботай» мұражайының экспозициялары, құнды олжалары, материалдары тарих мұғалімдерінің республикалық съезінде, Орталығымыздың 10 жылдығына арналған көрмеде және тамыз конференциялары сияқты түрлі іс-шаралар қойылған болатын.
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» ұжымын мерейтойымен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!


Пікір жоқ
95 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.05.2023 в 15:35

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour