Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Біз- Мәңгілік елдің ірге тасын қалаушы Ұлы дала ұрпағымыз»

2017 жылдың 21 мен 23 ақпаны аралығында «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен жас патриоттар Академиясының құрылғанына орай «Біз- Мәңгілік елдің ірге тасын қалаушы Ұлы дала ұрпағымыз» атты Республикалық форумы өтті.


2017 жылдың 21 мен 23 ақпаны аралығында «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен жас патриоттар Академиясының құрылғанына орай «Біз- Мәңгілік елдің ірге тасын қалаушы Ұлы дала ұрпағымыз» атты Республикалық форумы өтті.

         Форумға құрметті қонақтар, Академия мүшелері- қазақстандық жас патриоттар, мұғалімдер, сынып жетекшілері, аудан, қалалық, облыстық білім беру басқармаларының өкілдері, мектеп директорлары, оқу-тәрбие жөніндегі директорлардың орынбасарлары, Академия мүшелігіне қабылданған қазақстандық жас патриоттардың ата-аналары, қаһарман  істерімен танылған оқушылар қатысты.

         Жас патриот-қазақстандықтар Академиясының жоғары марапаты «Патриот» төсбелгісі. «Патриот» төсбелгісі және куәлігімен Академия мүшелері марапатталады.  Бір жыл жұмыс ішінде Қазақстанның әр облыстарының 924 оқушысы Академия мүшесі атағына ие болды. Облысымыздың 26 оқушысы «Жас Патриот» атағын иемденді.

Тимирязев ауданы «С. Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары Адам Даниял және Береская Дарья «Мен- өз елімнің Патриотымын» жобалар байқауына қатысып, республикалық форум аясында жас патриот атағын алды. 

         Форум бағдарламасы Қазақстандың патриотизмді дамытуға бағытталған әртүрлі іс-шаралардан тұрды:  экскурсия, «Сахнада-Мәңгілік Елдің патриоттар ұрпағы» атты командалардың сахналық шеруі, флешмоб, Қазақстан халықтарының ұлттық спорт ойындары,  пресс-конференция, Қазақстан эстрада жұлдыздарының және  «Жастар» педагогикалық тобының мерекелік концерті. Ұстаздар мен ата-аналар үшін төрт бағыт бойынша шығармашылық педагогикалық шеберханалар ұйымдастырылды:

  1. «Білім беру мекемелеріндегі патриоттық тәрбие берудегі жаңашылдық»;
  2. «Мектептің іс-тәжірибиесінде патриоттық тәрбие беру»;
  3. «Оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру үшін сыныптан тыс іс-шаралардың өткізу әдістері»;
  4. «Балаларға патриоттық тәрбие беруде отбасының рөлі».

Патриотизм- бұл Отанға берілгендік, өз халқына сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі, оның табыстары мен жеңістеріне және жеңілістеріне толғану, сүйіну, оның мүдделеріне қызмет етуге тырысу, сондықтан Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары «Патриот» атын мақтан тұтады.









Пікір жоқ
1647 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 24.02.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour