Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Жаңа ұрпақтың үздік мектеп кітапханасы»


Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған «Жаңа ұрпақтың үздік мектеп кітапханасы» атты облыстық қашықтық байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл байқау мектептің заманауи ресурстық (ақпараттық-кітапханалық, ақпараттық-әдістемелік және т.б.) орталығы ретінде кітапхана қызметіндегі медиа ортаны барынша жандандыруға және тиімді игеруге, ақпараттандыру және цифрландыру аясында өз қызметінің жаңа тәсілдерін іздейтін және жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдары кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби-шығармашылық әлеуетін анықтауға бағытталған.
Байқаудың қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:
І орын: Тайынша ауданы, «Большеизюминка орта мектебі» КММ кітапхана менгерушісі, Кандыба Татьяна Викторовна;
ІІ орын: Ғ.Мүсірепов ауданы, «Тоқсан би атындағы орта мектебі» КММ, кітапханашы, Смола Татьяна Валерьевна;
Петропавл қ., «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ кітапханашы-библиограф, Курченкова Наталья Борисовна:
ІІІ орын: Аққайын ауданы, «№3 Смирнов орта мектебі» КММ кітапханашы Мұқашева Айсұлу Төкенқызы;
Мамлют ауданы, «№2 Мамлют орта мектебі» КММ, кітапханашы, Елдышева Светлана Сергеевна;
Петропавл қ., «№7 орта мектебі» КММ, кітапхана менгерушісі, Титаренко Галина Ивановна;
Байқаудың қалған қатысушыларына қосымша келесі номинациялар берілді: «Мектептің ақпараттық-кітапхана орталығы», «Жоғары кәсібилік», «Кәсіби орын үшін», «Шығармашылық даралығы үшін», «Белсенділігі мен жеңіске ұмтылысы үшін» және басқалар.


Пікір жоқ
548 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.12.2020 в 12:43

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour