Меню KDT
Петропавловск
22:54
RU / KZ / EN

ВСЕ НОВОСТИ

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер»

2019 жылғы 24 сәуірде Білім беру мазмұнын жаңарту аясында Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы мен «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ жоспарына сәйкес облысымызда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер»тақырыбында кезекті төртінші зертхана отырысы Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын ауданы, Ибраев ауылындағы «М.Ахметбеков атындағы орта мектеп» КММ өткізілді.

Кездесуге қатысушылар: Облысымыздың қазақ тілінде білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімдері. Барлығы 20 мұғалім

Мақсаты: қазіргі білім беру жағдайына сәйкес инновациялық амалдар тұрғысында пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту, оқушыларға сапалы білім беруде олардың пәндік-теориялық, әдістемелік дайындығын күшейту.

Заман талабына сай білім беруде мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық дайындығын күшейту мақсатында,  зертхана жұмысыбағыттары отырыста қызу талқыланды. Зертхана отырысында  әріптестермен «Жаңа технологияларды сабақ барысында тиімді пайдалану шеберлік сыныбы» атты шеберлік сыныбымен аяқталды.







Просмотров: 212

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

ПОЛЕЗНОЕ