Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Заманауи мектеп кітапханасының қызметінде тиімді IT-технологияларды енгізу

С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 7 маусымында «Білім беру секторын ақпараттандыру және цифрландыру: мектеп кітапханасының қызметінде тиімді IT-технологияларды енгізу. С.Мұқанов атындағы ОӘҒК тәжірибесінен» тақырыбында кітапхана қызметкерлерінің конференциясы өткізілді.


 
С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 7 маусымында «Білім беру секторын ақпараттандыру және цифрландыру: мектеп кітапханасының қызметінде тиімді IT-технологияларды енгізу. С.Мұқанов атындағы ОӘҒК тәжірибесінен» тақырыбында кітапхана қызметкерлерінің конференциясы өткізілді.
Аталған конференцияға 90 астам облыс ТжКБ ұйымдарының кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ мектеп кітапханалар қызметіне жетекшілік ететін аудан және қала әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері қатысты.
Іс-шара екі кезеңде өтті, бірінші кезеңде - пленарлық отырыс, облыс кітапханалар жұмысымен құрылымымен танысу, екінші кезеңде практикалық бағыттағы секциялық отырыстар өткізілді.
Пленарлық мәжілісте кітапхана баспасөз орталығында С.Мұқанов атындағы кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы, «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялық орталығы» КММ әдіскері, оқу залдары бөлімінің меңгерушісі; абонемент бөлімінің кітапханашысы, кітапхана үдерістерін автоматтандыру бөлімінің басшысы қатысуңшылар алдында сөз сөйледі.
Пленарлық мәжіліс аяқталғаннан кейін, конференция жұмысының жоспарына сәйкес  5 топқа бөлінген қатысушылар «Дүние жүзі бойынша сапар» әдісі бойынша 5 секцияға қатысып, тәжірибелік-бағдарлы жұмыс режимінде жұмыс істеудің негізгі бағыттарымен толығырақ танысты.
Қатысушылар кітапханада қолданылған цифрландыру технологиясы, RABIS жүйесі мен робототехника негіздерімен модульдер , жастармен жұмыс істеуде кітапхана жұмысының жаңа түрлерімен, өлкетану ресурстармен және оларды кітапханалық тәжірибеде пайдаланумен танысып өтті.























Пікір жоқ
1133 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 08.06.2018 в 09:56

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour